Өткізілген күні: 04.04.2017 ж., 06.04.2017 ж., 11.04.2017 ж., 18.04.2017 ж., 27.04.2017ж.

Өткізілген уақыты:сағат: 10.00

Өткізілген жері: Амурская к-сі, 1, «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж» ҚМҚК

2. Тәуелсіздік даң, «Өскемен стоматологиялық колледжі» ЖШС

3. 30 Гвардиялық дивизия к-сі, 44, «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК

4. Добролюбов к-сі, 42, Қазақстан-Корей колледжі «Квансон» мекемесі

5. Тәуелсіздік даң, 86, Қазақстан Американдық еркін университеті

2017 жылғы 4 сәуірден 27 сәуір бойынша Өскемен қаласының жұмыспен қамту қызметімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2016-2018 жылдарға ЖОО-дары және колледждер, барлық білім беру ұйымдары түлектерінің есебін жүргізу және жұмыссыз мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша толық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж» КМҚК, «Өскемен стоматологиялық колледжі» ЖШС, «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК, Қазақстан-Корей колледжі «Квансон» мекемесі, Қазақстан Американдық еркін университеті түлектерімен кездесу өткізілді.

Кездесулерге 1800-ден астам түлек қатысты. Мамандар студеттерді «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасымен», қалалық жұмыспен қамту қызметімен көрсетілетін қызметтермен, сонымен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шарттарымен таныстырды, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандырды. Бағдарламалар тізімі және оларға қатысу түсіндірумен буклеттер таратылды.