Өткізілген күні: 05.04.2017 ж., 11.04.2017 ж.

Өткізілген жері: 1. Серікбаев к-сі, 19, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ

2. 30 Гвардиялық дивизия к-сі, 44, «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК

Жұмыспен қамту органдары оқу орындарымен өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуда, оның ішінде бос жұмыс орындарында.

2017 жылғы 5 сәуірде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде жыл сайынғы «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі-2017» өтті. Іс-шараларға шамамен 66 үлкен, шағын кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Университет бакалаврдың және магистратураның 68 мамандығы бойынша 1000-нан аса түлек ұсынды. Қатысушылар үшін топтық және жеке сұхбаттар үшін жұмыс орындары ұсынылды.

Өткізілген мамандар жәрмеңкесінің нәтижесі бойынша түлектерді жұмысқа орналастыруға кәсіпорындар және ұйымдармен 82 шарт жасалды. 193 жас маманның сұхбаттан өтілуі күтілуде. Университет түлектеріне «Қазцинк» ЖШС, «УК ТМК» АҚ, «Казгипроцветмет» ЖШС, «БИПЭК-АВТО» ЖШС сияқты үлкен өндірістік кәсіпорындар қызығушылық танытуда.

2017 жылғы 11 сәуірде ұқсас іс-шара «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК-да өткізілді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде Өскемен қаласының және ШҚО облысының 20-дан астам емдеу-профилактикалық мекемелері қатысты. Оқу орындарымен жұмыс берушілерге келесі мамандықтар бойынша түлектер ұсынылды: мейірбике, фельдшер, акушер, медициналық лаборант, фармацевт, тіс технигі.

Медициналық ұйымдардың өкілдерімен жемісті еңбектің нәтижесі түлектерді жұмысқа орналастыруға «Үлан орталық аудандық ауруханасы» КМҚК, «Көз микрохирургия клиникасы» ЖШС, «Шемонаиха ОАА» КМҚК, ШҚ облыстық Реабилитациялық орталық, «Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасы» КМҚК, «Өскемен қаласының Арнайы балалар үйі» КМҚК, «Гематология орталығы» ЖШС, «ЕМ АЛУ плюс» ЖШС, «№3 Қалалық ауруханасы» ШЖҚ-дағы КМП, «Шемонаиха ОАА» КМҚК емдеу мекемелерінің өкілдерімен 10 үш тарапты шарттың жасалу болды.