Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Туған күндерімен жалғасуда, 2017 жылғы 15 мамырда Липат Петрович Семин 95 жасқа толуымен құттықтау алды.

Сектор меңгерушісі Қ.О. Бердіғожинов ардагерді туған күнімен құттықтады, бейбіт өмір үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі!

Жарқын тілектерімен мерейгерге Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК № 11, филиалының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері барды.

Липат Петрович Семин 1922 жылы 15 мамырда Зырян ауданы Соловьево ауылында дүниеге келді. Қазыргі уақытта Совхозная к. 20 мекенжайында тұрады.

1941 жылдың қараша айында Кеңес Әскерінің қатарына шақырылып, 1941 жылдың 23 сәуірінде 303-ші атқыштар полкінде ант қабылдады. 30-шы Кубанской кавалерлік дивизия құрамында Сталинград майданында соғысты Харьков, Сталинград, Ростов, Солтүстік Кавказ үшін ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың ақпан айында 37-ші танк бригадасының разведротасында әскери борышын өтеді. 1943 жылы тамызда Коховка, Перекопты босату үшін шайқасқа қатысты. Екі рет жараланған, мертіккен. 1946 жылы әскерден туған ауылына оралды. 1975 жылға дейін Зырян қаласында өмір сүрген құрылысшы болып жұмыс істеді. 1975 жылдан бастап Меновное ауылында тұрады.

4 баланы тәрбиеледі, 5 немере, 2 шөбересі бар.

МАРАПАТТАРЫ: Ұлы Отан соғысының ордені, за взятие Берлина, за Отвагу  медалімен, мерейтойлық медальдар.