Өткізу күні: 2017 жылғы 17 мамыр

Өткізу уақыты: сағат 14.30                                            

Өткізу орны: Тургенев к., 30, Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2017 жылғы 17 мамырында қала прокуратурасы бастамасымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға «бір терезе» принципі бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету акциясы өтті.

Осы шараға қала прокуратурасынан, білім бөлімінен, заңгерлік және психологиялық «Антарес-А» ҚҚ қызметінен, Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен өкілдері қатысуымен барлық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша косультация берілді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне кадр қызметі мамандары «Дороги Востока» ЖШС, «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС, «РСУ и К» ЖШС және «Milioner» ЖК шақырылып, олармен 74 кәсіп бойынша: жүргізуші, құрылыс учаскесі мастері, әрлеуші, тракторист, тас қалаушы, бетоншы, кладовщик, жол жөндеуші, жүк тиеуші, жук тасушы мамандықтары ұсынылды.

Жұмыс берушілер өз кәсіпорындарымен таныстырды, жұмыс іздеушілермен әңгіме өткізді, жұмысқа тұру жағдайын айтыа берді, дербес деректерін жазып алды.

Шағын бос жұмыс орнына пробация қызметінің есебінде тұрған 14 адам қатысты.

Осы өткізілген іс-шара  нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына 8, оқыту курсына  6  жолдамалар берілді.