Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Туған күндерімен жалғасуда, 2017 жылғы 24 мамырда Липат Петрович Семин 90 жасқа толуымен құттықтау алды.

Сектордын бас мамаңы Ескандырова Г.Қ. ардагерді туған күнімен құттықтады, бейбіт өмір үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі!

Жарқын тілектерімен мерейгерге Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК № 1, филиалының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері барды.

1944 жылдың қараша айында Кеңес Әскерінің қатарына шақырылып, Красноярск қаласына кіші командир курсына жіберілді, оқуын бітірместен Қиыр Шығысқа шұғыл жіберілді. Лазо станциясына эшелондар келкенде, Уссурийск тайгасындағы әскери лагерінде орналастырды. Таңертең фашистік Германияның қарсылықсыз тізе бүгуі туралы жариялады.

Арнайы әскери дайындықтан кейін, Жапония шекарасына жіберілді, онда Жапония ұрысында қатысқан. Жапонияда Жеңістен кейін 1946 жылғы сәуірде Германияға жіберілді, 1947 жылдың жазына дейін қызмет атқарды. Пулеметчик ретінде қызмет атқарды, Танк Т-34 командиріне дейін қызмет етті.

1951 жылы жазда әскерден Өскемен қаласына тұрақты тұрғылықты жеріне келді. 1977 жылға дейін «Алтайсвинецстрой» тресінде жүргізуші болып жұмыс істеді. 1977 жылдан бастап Титан-Магний комбинатында слесарь-сантехник болып жұмыс істеді. 1987 жылы зейнеткерлікке шықты.

3 бала тәрбиеледі, 7 немере, 11 шөбере сүйіп отыр.

МАРАПАТТАРЫ: Отан соғысының ордені, 2-дәрежелі медалі, «За Победу над Японией» медалі, мерейтойлық медальдар.