Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Туған күндерімен құттықтау жалғасуда, 2017 жылғы 5 маусымда Григорий Гурьянович Кимасов құттықтау алды.

Сектор меңгерушісі Қ.О. Бердіғожинов ардагерді туған күнімен құттықтады, бейбіт өмір үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі!

Жарқын тілектерімен мерейгерге Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК № 4 филиалының өкілдері барды.

 

Григорий Гурьянович Кимасов 1927 жылы 3 маусымда дүниеге келді. Балалық шағын жетімдер үйінде өткізді. Қазіргі уақытта Питер Коммунарлар к., 17, 81 пәтер бойынша тұрады.

1944 жылдың 12 қараша айында Кеңес Әскерінің қатарына шақырылып, Қиыр Шығысқа жіберілді, келгеннен кейін 781 артилериялық полктың 215-ші дивизиясы 5-ші әскерге түсті, Маньчжурия соғыс қимылына қатысты. Соғыстан кейін Чукоткада қызмет атқарды, онда солтүстік шекара нығайтылды (Бухта Провидения).

1952 жылы қызметі біткен соң Выдриха ауылына оралды. Березовскийде, Ертіш таукенінде геолог болып жұмыс істеді, онда 1983 жылы оны зейнеткерге жіберді, өзінің жұмысынан 1990 жылға дейін қол үзген жоқ, толық еңбек өтімі 50 жыл құрады.

2 бала тәрбиеледі, 3 немере сүйіп отыр.

МАРАПАТТАРЫ: Отан соғысының ордені, 2-дәрежелі медалі, «За Боевые заслуги» медалі, мерейтойлық медальдар.