2016 жылғы желтоқсанда Зырян ауданының Грехово ауылында 30 күнтізбелік күн тұру мерзімімен 1-2 топ мүгедектері, сонымен қатар мүгедек балалар үшін (жасы 8-ден жоғары) облыстық Оңалту орталығы ашылды. Орталық қатты ми қанайналымының бұзылуы салдарынан тірек-қозғалыс жүйесінің бұзылуынан сал болып қалған, парез; тірек-қозғалыс жүйесінің аппараттарының ауруларына әкелетін жүйке жүйелерінің ауруы, буын ауруларымен адамдарға 80 төсек орнына есептелген.

Заманауи құрылғылар: мультибуындық емдеу-диагностикалық кешен, тренажерлардың түрлері, бұлшық ет күштерін және бармақ бастарының қозғалу екпіндігін қалпына келтіретін аппараттар, массаж жасауға кресло, велотренажерлар, жүгіру жолдары, гидромассаждық ванна, минералдық суларды қолдану арқылы емдік ванналар және тағы басқалар бар. Бассейн, сауна жұмыс істейді. Экологиялық қолайлы жағдай организмнің қорғау күшін жоғарлатуға көмектеседі.

Сонымен қатар психологиялық қызметтер, тігін шеберханасында тігінмен айналысуға, ИЗО шаберханасында шығармашылықпен, жапсырумен, табиғи материалдармен жұмыс, музыка сабақтары мен айналысуға болады, компьютер сыныбы жұмыс жасайды.

Теріске шығаратын айғақтар: инсулиндік формадағы қант диабеті, талма, онкологиялық аурулары, терінің іріңдеуі аурулары, бармақ бастарының тамырларының варикоз аурулары және тағы басқа.

Анықтама және оңалту орталығына жолдама алу үшін Өскемен қаласы, Тургенев көшесі, 30 мекенжайындағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жасау қажет.

Өзімен бірге келесі құжаттарды әкелу қажет: жеке басының куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі.