Өскемен қаласының әкімдігі «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу са-ласындағы Өскемен қаласының үздік жұмыс берушісі» конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Конкурстың мақсаттары мен тапсырмалары: әлеуметтік серіктестікті ны-ғайту және дамыту, меншік түрінен тәуелсіз, халықты жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесетін, тиімді, өркениетті еңбек нарығын құруға, жұмыс берушілердің жұ-мыспен қамту қызметімен азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша ынтымақ-тастығын жандандыруға себептес болған, Өскемен қаласының жұмыс берушілерінің кадр қызметтерінің жұмысшыларын (мамандарын) және басшыларын анықтау және мадақтау болып табылады.

Конкурс 2017 жылдың 12 шілдесінен 15 қыркүйегіне дейін, келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Халықты жұмыспен қамтуға ықпал етуі үшін», «Жұмыс орындарын сақтағаны және құрғаны үшін» өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) номинациясын көрсетумен үлгі бойынша (Қосымша 1) конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) конкурсқа қатысу туралы сауалнама үлгі бойынша (Қосымша 2) өтінім;

3) 3 минуттан аспайтын мекеме қызметі туралы бейнеролик.

Конкурсты қорытындылау «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу сала-сындағы Өскемен қаласының үздік жұмыс берушісі» конкурсы туралы ережемен бекітілген критерийлер бойынша мамандар қатарынан арнайы құрылған жұмыс то-бымен 2016 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, Тургенев к., 30, 304 бөлме немесе r.zhunusova@akimvko.gov.kz электронды поштасына жіберу қажет.

Конкурс туралы қосымша ақпаратты 8(7232)753683; 8(7232)551835 телефондары бойынша алуға болады.