Өткізілу мерзімі: 2017 жылғы 23 тамыз

Өткізілу уақыты: сағат 10.00-12.00

Өткізу орны: Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарла-малар бөлімі, Тургенев к., 30

2017 жылғы 23 тамызда Өскемен қаласының жұмыспен қамту қызметімен Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдау мақсатымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Бос жұмыс орындарын жәрмеңкесін Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Асхат Асетұлы Садиров ашты. Жәрмеңкеге қатысушыларға қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Маулихат Жақсылыққызы Кусаинова, жұмыс берушілер атынан – халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлермен жұмыс бойынша бөлім басшысының міндетін атқарушы  Арай Тлеуханқызы Алимжанова құттықтау сөз сөйледі.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қала экономикасының әр түрлі салаларынан  45 кәсіпорын қатысты, олардың ішінде: «Кэмонт» АҚ, «Иртышцветметремонт» ЖШС, «Пицца блюз сервис» ЖШС,  «Вкус-маркет» ЖШС, «Шығыс-Сүт» корпорациясы, «Дюпас» ЖШС, Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, «Казаэронавигация» РМК Өскемен филиалы, «ВК Транс» ЖШС, «Уралэнергоцветмет» ЖШС,  «Солнечная река» ЖШС, «№ 102 бала-бақша» КМҚК, «Гармония» шаруа қожалығы, «Востокцветметгазочистка» ЖШС, «РСУ и К» ЖШС, «Қазақ мамандандырылған жөндеу-реттеу кәсіпорны» ЖШС, «Байгонусова» ЖК, «Жанкулов» ЖК және тағы да басқаларымен 173 бос жұмыс орындары келесі кәсіптер бойынша ұсынылды: инженер-бағдарламашы, кадр бойынша инспектор, мемлекеттік сатып алу бойынша бухгалтер, жылуэнергетигі, маркшейдер, фельдшер, экономист, заңгер, тікелей сату операторы, coll-центр операторы, наубайшы, фасовщик,  әртүрлі жұмысшы, жинаушы, өңдеуші, ағаш ұстасы, аула сыпырушы, кассир, электрик, қоймашы, официант, бармен және т.б.

Жәрмеңкедегі іс-шара бойы  консультативтік орталық жәрмеңкеге қатысушыларға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша – 82 адамға, атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін тағайындау , 18 жасқа толмаған балаларға мемлекеттік жәрдемақы алу жөнінде -36 адамға, «Өрлеу» жобасы бойынша – 24 адамға, қиын өмірлік жағдайға тап болғанда шартты ақшалай көмек алу туралы - 17 адамға қажетті ақпарат берілді және сонымен қатар,    сол немесе басқа кәсіпке бейімдігін айқындау үшін кәсіптік диагностикадан – 23 адам өтті.

«Даму»  кәсіпкерлікті дамыту қоры» және ШҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында  шағын несие беру және 26- адамға бизнес-жоспар құруға консультациялық қызмет көрсетті. ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, еңбек комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінен  еңбек жағдайы және медициналық көрсеткіштер  бойынша іс-әрекеттің рұқсат берілген түрлері бойынша-12 адамға, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік  еңбек инспекциясы  басқармасы еңбек қатынастары мәселелері бойынша – 10 адамға консультациялық қызметтер көрсетті.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келушілер саны – 300 адам, тұрақты жұмысқа орналасу үшін 180 адамға, қоғамдық жұмысқа -17 адамға, жастар іс-тәжрибесіне -5 адамға жолдама беріліп, жәрмеңке барысында  1 адам – тұрақты жұмысқа тұрды.