2017 жылдың 12 қыркүйегінде Өскемен қаласының әкімі Тұмабаев Қуат Мұхитұлының атынан Ұлы Отан соғысына қатысушы Борисов Роман Романович  90-жылдық мерей тойымен құттықтау қабылдады.

Роман Романович 1927 жылы 12 қыркүйекте Новосибирская облысы Чулымский ауданының Гуськовка селосында дүниеге келді. 1933 жылы отбасын Қиыр Шығысқа репрессияланады.

1645 жылдың наурызында Кеңес Армиясының қатарына шақырту алады, Қиыр Шығыста соғысқа қатысқан. Капитуляциядан кейін тағы 7 жыл қызмет етеді. 1952 жылға дейін арнайы қаулыға дейін шекарада қызмет етті.

Отан соғысының II дәрежедегі орденімен мараппатталды, «За победу над Германией», «За победу над Японией»және мерей тойлық медальдары бар.

1952 жылы Өскемен қаласына қайтып келеді. Земстройда жұмыс істеді, Көлік жүргізушінің оқуын оқып алып, 35 жыл Защита элекваторында көлік жүргізушісінің қызметін атқарады.

Үш баласы, 6 немересі, 5 шөбересі бар.