2017 жылдың 12 қыркүйегінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Өскемен қаласының әкімі Тұмабаев Қуат Мұхитұлының атынан Ұлы Отан соғысына қатысушы Кривошеев Евгений Петровичты 95-жылдық мерей тойымен құттықтады.

Евгений Петрович 1922 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы облысының Лепсі қаласында дүниеге келді. 1941 жылдың Өскемен қаласынан еріктілер қатарында әскерге кетеді. Москва түбінде Батыс майданда 648 атқыштар полкында міндетіе атқарды. Ауыр жарақат алды. 1943 жылы әскерден босатылып Өскемен қаласына қайтып келеді.

Отан соғысының II дәрежедегі орденімен мараппатталды, «За победу над Германией», «За победу над Японией»және мерей тойлық медальдары бар.

Соғыстан кейін ауыл шаруашылық басқармасында зоотехник болып,  Казсвязьстройда инженер болып жұмыс істейді.

Жұбайы Елизавета Петровнамен бір ұл өсірді, екі немере сүйіп отыр.