Сізге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау әкімшілік мәліметтері есебінің нысаны бекітілді (нысан индексі: ЖОК-3) хабарлаймыз. ЖОК-3 толтыру бойынша түсіндірме.

Өскемен қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 3122 «2017 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота туралы» қаулысымен жұмыс орындары квотасын белгілеу ұйымдарының тізбесі бекітілді.

Есептерді тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне Тургенев к., 30, 303 кабинет, телефон 55-18-35, 22-49-10 мекен-жайы бойынша Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсыну қажет.