2017 жылдың 22 қыркүйегінде  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Өскемен қаласының әкімі Тұмабаев Қуат Мұхитұлының атынан Ұлы Отан соғысына қатысушы Кондратьев Андрей Ивановичты 90-жылдық мерей тойымен құттықтады.

Андрей Иванович 1927 жылдың 23 қыркүйегінде Алтай аймағының Панкрушиха ауданынды Высокая Грива селосында дүниеге келді.

1944 жылы қарашада армия қатарына шақыртылып, Қиыр Шығысқа жіберіледі. Байланыс мектебінде оқыту отрядында радиошы мамандығы бойынша оқытудан өтеді. Жапониямен соғыс кезінде «Русский» аралының жағалауларын қорғайды. Владивостокта торпедалық катерлар бригадасында  қызмет атқарады.

1951 жылы әскерден қайтарылады. Соғыстан кейін Новосибирск қаласына көшеді, геодезия, аэрофототүсірме және картография институтын бітіреді. 1956 жылы ЖОО жолдамасы бойынша Өскемен қаласына көшіп барады. 30 жылдан астам Ертіс құрылыс басқармасында қызмет атқарады. Техникалық бөлімнің басшысы болып жұмыс істеді.

Жұбайы Александра Григорьевнамен 62 жыл бірге тұрады, 2 баласы, 3 немересі, 2 шөбересі бар.

Отан соғысының II дәрежедегі орденімен мараппатталды, «За победу над Германией», «За победу над Японией»және мерей тойлық медальдары бар.