2017 жылғы 28 қыркүйекте «Алтай» Шығыс Қазақстандық аймақтық техно-паркінде «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласында Өскемен қаласының үздік жұмыс берушісі» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Конкурс Қазақстан Республикасы Елбасы, Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және Еңбек күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

Конкурсты ұйымдастырушы – қаланың жұмыспен қамту қызметі.

Марапаттау салтанатын Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А. Булавкина ашты.

Конкурс екі номинацияда өтті: «Жұмыс орындарын сақтау және құру» және «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу».

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын орындайтын, еңбекақы төлемдері бойынша мерзімінен өткен қарызы жоқ, жұмыс орындарын қысқартуға жол бермейтін, жұмыспен қамту  органдарымен белсенді жұмыс істейтін, жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесетін, еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік кепілдерін ұсыну шараларын қамтамасыз ететін өнеркәсіп, жылу энергетикасы, автомобиль құру, білім, мәдениет, қызметтер ұсыну, денсаулық сақтау салаларындағы 13 кәсіпорын берді.

Конкурс қорытындысы бойынша жұмыс тобының шешімімен марапаттауға «үздіктердің үздігі» болған, ірі, орта және шағын бизнестің 6 әлеуметтік жауапты және әлеуметтік бағытты жұмыс берушісі 2 номинацияда ұсынылды.

Конкурс жеңімпаздары:

«Жұмыс орындарын сақтау және құру» номинациясында ірі кәсіпорындар арасында «Шығыс-Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафты мұражай қорығы» КМҚК, орта –  «Пицца-Блюз Сервис» ЖШС, шағын –  «ВИТА-1» ЖШС;

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» номинациясында ірі арасында – «Азия Авто» АҚ, орта – «ВК Техногрупп» Компаниялар Тобы, шағын –  «Алма Телкоммуникейшнс Казахстан» АҚ Өскемен қаласындағы филиалы.

Конкурс жеңімпаздарына төс белгілері, дипломдар табысталды. Конкурстың қалған қатысушыларына қала әкімінің алғыс хаттары табысталды.