2017 жылдың 2 қазанында сағат 11-00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысушылар – еңбек қайреткерлері, тыл еңбеккерлері, құрметті азаматтар, көпбалалы аналар және зейнеткерлер қатысты (барлығы 80 кісі).

Мерекелік іс-шара барысында қалалық мәслихаттың хатшысы А.А. Светаш, Шығыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы А.С. Шерубаевтың құттықтау сөздері айтылды.

Өздерінің музыкалық нөмірлерін еңбек сіңірген әртістер: В. Ткач, И. Мещеряков, «Ладушки» халық ән ансамблінің, «Еркетай» ансамблінің әртістері, «Вдохновение» вокалды тобы және көркемдік жетекшісі Серік Құсайынов «Толағай» вокалды тобы сыйға тартты.