2017 жылдың 2 қазанында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Ұлы Отан соғысына қатысушы Богушевич Василий Александровичты 90 жылдық мерей тойымен құттықтады.

Василий Александрович 1927 жылдың 2 қазанында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Скалистое селосында дүниеге келді.

1944 жылы Кеңес армиясының қатарына шақыртылды. Оқу полкында әскери дайындық курстарын бітірген соң, әрекеттегі әскерге Шығысқа жіберіледі. 1945 жылдың мамырынан бастап Моңғол халық республикасында 978-жойғыш танкіге қарсы артиллерия полкында әскери қызмет атқарады. Жауынгерлік іс-қимылдар Шығыста басталған кезде, Порт-Артурға енеді.  ҚХР 1953 жылдың сәуіріне дейін қызмет етеді.

Әскери қызметтен кейін Өскемен қаласында жолаушы автобасқармасында Техснаб бастығы болып жұмыс істеді.

Отан соғысының I дәрежедегі орденімен мараппатталды, ҚХР екі медалі, «За победу над Германией», «За победу над Японией» және мерей тойлық медальдары, жоғарғы бас қолбасшы И.В. Сталинның алғысы бар.