2017 жылдың 16 қазанында сағат 11.00 қала әкімінің орынбасары О.А. Булавкина, Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге Ұлы Отан соғысына қатысушы Головатюк Михаил Яковлевичты 90-жылдық мерей тойымен құттықтады.

Михаил Яковлевич 1927 жылы 15 қазанда Иркутская облысы, Кутулин селосында дүниеге келді. 1943 жылы 16 жасында Байкалдан Иркутска дейін темір жол құрылысына еңбек армиясына шақыртылады. 1944 жылдың қазанында әрекеттегі армия қатарына шақыртылады. 579 атқыштар полкі құрамында автоматшы болып Жапонияға қарсы шайқастарға қатысады. Демобилизациядан кейін 1951 жылдың наурызында Омская облысына ата-анасына қайтып келеді. Жүргізуші болып жұмыс істейді. 1952 жыдлы Өскемен қаласына көшіп келіп, қорғасын-мырыш комбинатына алдымен балқыту цехына – балқытушы болып, содан кейін рафинация цехына жұмысқа тұрады. 35 жыл комбинатта жұмыс істеп сол жерден зейнетке шығады.

Отан соғысының II дәрежедегі орденімен, Ленин орденімен мараппатталды, «За победу над Японией», кеңес Одағынының Маршалы Г.К. Жуковтың және мерей тойлық медальдары бар.