2017 жылғы 3 қазанда сағат 10-00-де қала мәслихатының хатшысы А.А. Светаш, қалалық ардагерлер кенесінің төрағасы С.А. Денякин, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге Серікбаев көшесі, 2 мекенжайы бойынша № 4 қалалық ауруханасына барып, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне арналған бөлімшеде стационарлық емделуде жатқан тыл еңбеккерлерін, Семей полигонында ионды сәулелендіруден зардап шеккендерді және Чернобыль апатына қатысушыларды Қарттар күнімен құттықтады.

Бүгінгі күнде ардагерлерге арналған бөлімшеде 38 адам бар: 32 – тыл еңбеккері, 2 – Чернобыль АЭС-дағы апатқа қатысушы, 4 – Семей полигонында ионды сәулелендіруден зардап шеккендер.

Соғыс ардагерлеріне үздік медициналық персонал бекітілген.

Барлық емделу тегін, ФГДС, УЗИ, мамандардың консультациясы, клиникалық тексеріс өткізіледі.

Қалыптасқан дәстүр бойынша мейрам күндерінде емделуде жатқан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік жинақтары табысталды.