«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының аясында бюджет есебінен субсидияланатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру қарастырылды. Арнайы жұмыс орындарын жабдықтау үшін жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға шығындарды өтеу мақсатында жұмыс берушілерге субсидиялар беріледі. Заңның осы нормасы 2018 жылдың қаңтарынан күшіне енеді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндігін ескерумен жабдықталған жұмыс орындар.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен заңнамаға сәйкес мүгедектің жұмыс орындарының стандарттары бекітілді:

- кресло-арбашада қозғалатын мүгедектің жұмыс орны стандарты;

- толықтай көрмейтін мүгедектің жұмыс орны стандарты;

- толықтай естімейтін мүгедектің жұмыс орны стандарты.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығымен Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары бекітілді.

Халықты жұмыспен қамту орталығымен, қаржыландыру шегіне қарай, арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден алдағы қаржыландыру жылына өтінімдерді жинақтау жыл сайын жүзеге асырылады.

Өтінімге қоса беріледі:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтыұ актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет стандартына 1 қосымшаға сай заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жеке кәсіпкер ретінде есепте тұрғанын растайтын құжат;

2) арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға шығындар сомасы.

Жұмыс берушілерге аранйы жұмыс орындарын құруға өтінімді «Электронды еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы (бұдан әрі – ЭЕБ) арқылы беруге болады. ЭЕБ-на шығындар сметасын бірге салумен өтінімді онлайн тәртіпте толтырылатын қосымша бет қарастырылған.

Қаралуға қабылданған өтінімдер халықты жұмыспен қамту орталығымен 5 жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталады және бекіту үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органға жолданады.

Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ниет білдірген мүгедектерге халықты жұмыспен қамту орталығы арнайы жұмыс орындарына жолдама береді.

Арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерге субсидия беру халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс беруші арасында жасалған келісім шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Тургенев к., 30, 302 кабинет мекенжайы, тел. 551835; 753683 бойынша «Өскемен қаласының жұмыпсен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не хабарласа аласыз.