2018 жылдың 18 қаңтарында сағат 11.00-де жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Өскемен қаласының әкімі Тұмабаев Қуат Мұхитұлының атынан Ұлы Отан соғысына қатысушы И.Ф. Дурневты 95-жылдық мерей тойымен құттықтады.

Иван Федотович 1923 жылы 18 қаңтарда Алтай аймағының Дурнево ауылында дүниеге келді. Соғысқа дейін Абай атындағы саяси-ағарту техникумын бітірді. 1941 жылы қазан айында 199-атқыштар полкына әскерге шақыртылды. Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысады.

Соғыстан кейін Ленинградта «Сев-Кабель» зауытында маркшейдер болып жұмыс истейді, 1977 жылы Өскемен қаласына көшіп келіп, «Алтайсвинецстрой» трестінде жұмыс істейді.

Екі баласы, 3 немересі, 5 шөбересі бар.

Отан соғысының II дәрежедегі орденімен мараппатталды, Еңбек ардагері» медальдары және мерей тойлық медальдары бар.