2018 жылдың 1 қаңтарынан «11 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 84-қадамын іске асыру және әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіледі.

Заңмен отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті қатысу шартымен отбасының әр мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 % төмен табысы бар отбасылар үшін жаңа форматты АӘК тағайындау қарастырылды, ол 2017 жылы қолданылғанның орнына ұсынылады: атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы, 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көп балалы аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы.

Жаңа форматты АӘК 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектердің немесе қарттардың отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері ақиқат себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдем-десудің шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектеп жасына дейінгі балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.

Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісім шарт жасағанда және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына міндетті қатысқан шартта құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.

Жаңа форматты АӘК енгізген кездегі маңызды рөл аз қамтылған азаматтарды анықтау, ақпараттандыру, тарту және сүйемелдеу бойынша міндеттер жүктелген халықты жұмыспен қамту орталықтарына берілген.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеуге құжаттарды қабылдау Өскемен қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырылады (Тургенев к., 30, 303 каб.)