2018 жылғы 16 қаңтар мен 23 ақпан аралығында Өскемен қаласының жұмыспен қамту қызметі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және жастар ресурстық орталығымен бірлесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2016-2018 жылдарға барлық білім беру ұйымдарының түлектерін есепке алу және мектептердің, колледждердің және ЖОО жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру жөніндегі нақтылы іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі», «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК, «Өскемен көпсалалы технологиялық коллежді» мекемесі, «Квансон» Қазақстан-Корея колледжі мекемесі, «Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі» мекемесі, «Техникалық-экономикалық колледжі» мекемесі, «Шығыс Қазақстан текникалық-экономиклық» ЖШС, халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі, «Өскемен экономика және қаржы колледжі» КМҚК, «Шығыс Қазақстан менеджмент және технология колледжі» мекемесі, «Өскемен стоматологиялық колледжі» ЖШС, «Өскемен кәсіби дайындық және сервис колледжі», «Көлік және өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігі колледжі» мемлекеттік емес мекемесі, «Политехникалық колледж» КМҚК, «Қазақстан-Американдық еркін университет колледжі», «Құмаш Нұрғалиев колледжі» мекемесі түлектерімен кездесулер өткізілді.

Кездесулер кезінде шамамен 1172 түлек қамтылды. Мамандар студенттерді «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» мүмкіндіктерімен, студенттер мен жұмыссыз азаматтарды маусымдық жұмысқа бағыттайтын Жасыл ел бағдарламасының қызметімен, қалалық жұмыспен қамту қызметімен және жастар ресурсымен көрсетілетін қызметтермен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шарттарымен таныстырды. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандырды.

Сондай-ақ түлектерді ҰҚП «Атамекен» өңірлік іскер әйелдер кеңесі қызметімен және азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке тартумен таныстырды.

Студенттерге бағдарламалар тізбесі мен оларға қатысуға түсініктеме берілетін буклеттер таратылды.