2018 жылғы 6 наурызда қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету "Үлбі" орталығында 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мүгедектер қоғамдық бірлестіктердің әйелдер - басшыларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Александровна Булавкина мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Маулихат Жаксылыковна Кусаинова құттықтау сөз сөйледі.

Кездесуде әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы сұрақтары қозғалды. Аталған тақырып бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, "Экономика және менеджмент" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Галина Васильевна Грызунова әңгімеледі.

Шара соңында әйелдер қауымына сыйлықтар тапсырылып, мерекелік дастархан жайылды.