Өткізу күні: 26 сәуір 2018жыл

Өткізу уақыты: сағат 10. Өткізу орны: Тургенев к., 30, Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

2018 жылғы 16 сәуірде Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандырылған бос орындар шағын жәрмеңкесі өткізілді.

Бос жұмыс орындарына 5 кәсіпорын қатысты: «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафты мұражай-қорығы» КМҚК, Өскемен филиалы «Гелиос» ЖШС, «Мегастрой-Өскемен» ЖШС, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ, «AVA» мүгедектер одағы ҚБ жұмыс берушілермен мүгедектерге арналған квота орындауға арналған 14 бос жұмыс көрсетілді: жүк тиеуші, есепші, орталыққа жеке қабылдау операторы, тұрмысқа арналған құралдарды жөндеуші шебер, көгалдандыру жұмысына жұмысшылар және басқалар.

Жұмыс берушілер өз кәсіпорындарын туралы таныстырып, жұмыс іздеушілермен әңгіме жүргізді, жұмысқа қабылдау талаптары туралы айтып берді, деректерін жазып алды.

Жұмыс іздеп жүрген мүгедектер жұмыс берушімен сөйлесуге, жұмыс жағдайын білуге, ұйымның орналасқан жері туралы ақпарат алуға, жұмыспен қамту мәселесін түпкілікті шешу үшін басшымен кездесуге мүмкіндік алуға ие болды.

Жұмыс іздеу үшін өткізілген осы шағын бос орындар жәрмеңкесіне 22 жұмыссыз адам қатысты, оларға тұрақты жұмысқа орналасуға жолдамалар берілді. Өткізілген іс-шара аясында алдын-ала нәтиже бойынша 3 адам тұрақты жұмысқа орналасты.