Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына енгізілген өзгерістеріне сәйкес, 2018 жылдан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруды қалайтын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды жүргізіледі.

Субсидиялар жұмыс берушiлерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшiн, сатып алу, монтаждау және жабдықтарды орнатуға кеткен шығындарын өтеу мақсатында берiледi.

Мүмкінділігі шектеулі тұлғалар үшін жабдықталған жұмыс орындарының санын көрсетумен халықты жұмыспен қамту орталығына сұрату береді.

Сұратуға қоса беріледі:

  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;
  • арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға шығындардың сметасы.

Жұмыс берушімен субсидия алу үшін келесі ережелер сақталуы қажет:

  • құрылатын арнайы жұмыс орындарының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы14 маусымындағы № 519 бұйрығымен бекiтiлген мүгедектiң жұмыс орны Стандарттарына сәйкес;
  • мүгедектің жұмыс орыны уақытша емес тұрақты болуы керек.Мүгедекті жұмысқа орналастыру 12 айдан кем болмауы керек;
  • жұмыс берушінің еңбекақы төлемі, салық және өзге бюджеттік төлемдері бойынша қарыздары жоқ болмауы керек;
  • жұмыс беруші алатын лауазымына сәйкес құрылған жұмыс орынына еңбек төлемдерін төлеуді қамтамасыз етуі қажет.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылған жұмыс орындарын субсидиялауды бойыншы кеңесті Тургенев көшесі, 30, 205, 204 кабинет, тел. 293368,489023 телефон бойынша Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығынан ала алады.

Жұмыс беруші сұратуды Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы электрондық мекенжайына жібере алады uka_zan2@mail.ru немес халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады.

Жұмыс берушілерден өтініштерді жинау 2018 жылғы 1 қарашаға дейін жүргізіледі.