Өткізілген күні: 2018 жылғы 16 қазан

Уақыты: 13.30. - 15.15

Өткізілген жері: Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Серікбаев көшесі,19 (үлкен зал)

 

2018 жылғы 16 қазанда Мүгедектер күніне арналған «Рухы мықты адамдар күні» іс-шарасы өткізілді.

Осы іс-шара мүгедектердің проблемаларына назар аударуға, олардың қадір-қасиеттерін қорғауға және қоғамдық өмірге қатысуларына бағытталды.

«Рухы мықты адамдар күні» іс-шара шеңберінде Марат Смаиловтың «Жердегі көріністердің жаңаруы» атты өнер туындыларының жеке көрмесі және «Жақсылықты қолдан-қолға жеткіз» атты мүгедектердің көрмесі ұйымдастырылды.

Осы іс-шара аясында «Тең мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Дөңгелек» үстел барысында Өскемен қаласының әкімі - Ж.М. Омар, мүгедектер қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, өнер, спорт, мәденит және т.б. салада нәтижеге қол жеткізген ерекше қажеттілікке мұқтаж адамдар қатысты.

Іс-шара дөңгелек үстелге қатысушыларды марапаттаумен және «Шексіз мүмкіндіктері бар адамдар» концерттік бағдарламасымен аяқталды.