2018 жылғы қаңтардан қараша аралығында жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге 10536 адам өтініш жасады, 10183 адам жұмысқа орналасты.

       2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбек нарығында тіркелген жұмыссыздар саны 1368 адамды құрайды, ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 1113 адамға көп.

4970 жұмыс орнын құру қаралды, а.ж. қаңтарда 5648 құрылды.

     Жастар іс-тәжірибесіне 260 адамды жолдау жоспарланып, 311 (1195,6%) жолданды, әлеуметтік жұмыс орындарына 126 жоспарланды, 199 (157,9%) жолданды, қоғамдық жұмыстарға 194 жолдау жоспарланды, 313 (161,3%) жолданды, қайта даярлауға 565 адам жолдау жоспарланды, 571 (101,1%) адам жолданды.

      2018 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Кешенді жоспарының іс-шараларымен қамту жыл басынан 11075 адамды құрады, соның ішінде 3069 жұмыссыз, 4656 жұмыс іздеуші адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 3107, 9 адам қоныс аударды, ТжҚО 234 адам.

       Қалада іске асырылатын жобалар бағдарламасы орналастырылды:

  • Қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасы – 1232 адам,
  • «Нұрлы жер – 144,
  • «Нұрлы жол» - 12,
  • ГП ИИР – 26,
  • ПРР – 3,
  • БЖК – 5.

       Есеп беру кезеңінде қайырымдылық көмекті қоса алғанда материалдық және қарапайым көмек қаланың көрсетілді, соның ішінде: 901 адам санымен 516 аз қамтылған отбасына жалпы сомасы 12661,1 мың теңге тұрғын үй көмегі, 1532 адам санымен 375 отбасына 61521,3 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 726 аз қамтылған азаматқа 94570,7 мың теңге сомасында өтініштер бойынша біржолғы әлеуметтік көмек бөлінді, соның ішінде туберкулезбен ауыратын 145 азаматқа 6385,0 мың теңге; облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеуге 3 студентке 1906 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді. 133 азаматқа 2872,8 мың теңге сомасына қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетілді.

      170 адам санымен 55 отбасына 4029,3 мың теңге сомасында шартты ақшалай көмек тағайындалды.

         2606 азаматқа 3787,0 мың теңге соммасында қайырымдылық көмек көрсетілді.

170 адам санымен 55 отбасына 4029,3 мың теңге «Өрлеу» жобасы бойынша ақшадай көмек көрсетелді.

       Атаулы күндер мен мейрам күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек 22475 адамға 542739,6 мың теңге сомасына көрсетілді.

        2018 жылдың басынан Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссиямен 14 өтініш қаралды: оның ішінде 12 адамға «тыл еңбеккері» мәртебесі берілді, 2 өтініш бойынша жұмыс жалғасуда (сұраулар, куәгерлерді іздеу).

       2018 жылдың басынан жұмыс істейтін және жұмыссыз азаматтардан 2011 қалыптасқан экологиялық іс макеті қабылданып тіркелді.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүгедектерге әлеуметтік көмектің келесі түрлері көрсетілді: 5980,5 мың теңге сомасына 100 мүгедекке біржолғы ақшалай көмек төленді; мүгедектер бар 62 отбасына 1953,3 мың теңге сомасына тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді, есту кемістігі бар 94 мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылды, олардың еңбек ақыларына 23573,0 мың.теңге жұмсалды, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 212 мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтері ұсынылды, олардың еңбек ақыларына 49565,0 мың.теңге жұмсалды.

         Есеп беру кезеңінде «Уба» және «Усть-Таловка» шипажайларына санаторлық-курорттық емделу үшін 1733 ардагерге және мүгедекке жолдамалар бөлінді.

        2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Үлбі» үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету орталығының 2 балалар бөлімшесінде 164 мүмкіндігі шектеулі мүгедек бала бар, олардан 16 жасқа дейін мүгедекктер – 67, 16 жастан 18 жасқа – 10 (мүгедектігі тобы барлар: 1 т. – 7, 2 т. - 3), 18 жастағы және одан жоғары – 87 (1 т. – 51, 2 т. – 36), олармен бөлімнің әлеуметтік жұмысшылары түзету жұмыстарын жүргізеді және әлеуметтік көмектің әр түрлерін көрсетеді. «Үлбі» үйлерінде қызмет көрсету орталығында 942 қарт зейнеткер мен мүгедек бар, олардың 19-і ҰОС қатысушы-мүгедегі, 159 – жалпы сырқат мүгедегі, 487 – тыл еңбеккері. «Дағдарыс» бөлімінің қызметкерлері 3294 азаматқа көмек көрсетті, соның ішінде: 102 – уақытша тұрақта, 476 – кеңес беру пунктінде, оның ішінде ТЗЗҚ 34, 13 – күндізгі бөлімде, 2703 – сенім телефоны арқылы, оның ішінде ТЗЗҚ 1399.

        2018 жылдың басынан жұмысқа, медициналық мекемелерге, қалалық органдарға және әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы басқа мекемелерге жеткізу үшін «әлеуметтік» таксимен мүгедектерден келіп түскен 2766 шақыртуға 271 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде «Әлеуметтік такси» Қызметі бойынша 1824 сұраныс (63 адам); қиын өмір жағдайларына түскен тұлғалардан 942 сұраныс (208 адам).

        Мүгедектерді кәсіптік оңалту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша есеп беру кезеңінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 301 жұмыссыз мүгедек жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасады. 276 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді, олардан: 160 – жұмысқа орналасты, 76 – қоғамдық жұмыстарға, 6 – әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 – жастар іс-тәжірибесіне, оқу курстарына 25 адам жолданды, 2 адам шағынкредит алды, 100 АЕК дейінгі 2 мемлекеттік грант.

        Есеп беру кезеңінде белгілі тұрағы жоқ азаматтарды әлеуметтік бейімдеу орталығында 363 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды, соның ішінде: 128 – құжаттандырылды, 50 – тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналастырылды.