2018 жылғы 28 желтоқсанда сағат 11.00-де Оқушылар шығармашылық сарайында соғыс және еңбек ардагерлері, каланың белсенділері үшін (барлығы 80 адам) Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама өтті.

     Осы іс-шараға соғыс және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен қаланың аға ұрпақ белсенділері шақырылды.

    Мерекелік іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ш. Екібасованың, «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы М.Ж. Кусаинованың, қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.А. Аухадиевтің және обллыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Г.Б. Құсанованың құттықтау сөздері айтылды.

     Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әртістері шақырылғандарға өздерінің музыкалық және жаңа-жылдық конкурстық нөмірлерін ұсынды.

     Соғыс және еңбек ардагерлеріне, қаланың қоғамдық өміріне белсенділеріне жаңа жылдық пакеттер табысталды.

     Аталған іс-шара «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен демеушілердің және ұйымдар басшыларының көмегімен ұйымдастырылды.