2018 жылғы қаңтардан желтоқсан аралығында жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге 10929 адам өтініш жасады, 10797 адам жұмысқа орналасты.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек нарығында тіркелген жұмыссыздар саны 1172 адамды құрайды, ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден        458 адамға аз.

4970 жұмыс орнын құру қаралды, 6201 құрылды.

Жастар іс-тәжірибесіне 260 адамды жолдау жоспарланып, 329 (126,5%) жолданды, әлеуметтік жұмыс орындарына 126 жоспарланды, 201 (159,5%) жолданды, қоғамдық жұмыстарға 194 жолдау жоспарланды, 335 (172,7%) жолданды, қайта даярлауға 565 адам жолдау жоспарланды, 576 (101,9%) адам жолданды.

2018 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Кешенді жоспарының іс-шараларымен қамту жыл басынан 11706 адамды құрады, соның ішінде 3391 жұмыссыз, 4687 жұмыс іздеуші адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 3376, 18 адам қоныс аударды, ТжҚО 234 адам.

Қалада іске асырылатын жобалар бағдарламасы орналастырылды:

  • Қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасы – 1232 адам,
  • «Нұрлы жер – 144,
  • «Нұрлы жол» - 12,
  • ГП ИИР – 26,
  • ПРР – 3,
  • БЖК – 5.

 Есеп беру кезеңінде қайырымдылық көмекті қоса алғанда материалдық және қарапайым көмек қаланың көрсетілді, соның ішінде: 915 адам санымен 520 аз қамтылған отбасына жалпы сомасы 12795,7 мың теңге тұрғын үй көмегі, 1557 адам санымен 384 отбасына 68436,9 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 746 аз қамтылған азаматқа 95652,1 мың теңге сомасында өтініштер бойынша біржолғы әлеуметтік көмек бөлінді, соның ішінде туберкулезбен ауыратын 155 азаматқа 6555,0 мың теңге; облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеуге 3 студентке 1944 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді. 136 азаматқа 2937,6 мың теңге сомасына қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетілді.

2611 азаматқа 3820,0 мың теңге соммасында қайырымдылық көмек көрсетілді.

170 адам санымен 55 отбасына 4029,3 мың теңге «Өрлеу» жобасы бойынша ақшадай көмек көрсетелді.

Атаулы күндер мен мейрам күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек 22475 адамға 542739,6 мың теңге сомасына көрсетілді.

2018 жылдың басынан Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссиямен 14 өтініш қаралды: оның ішінде 12 адамға «тыл еңбеккері» мәртебесі берілді, 2 өтініш бойынша жұмыс жалғасуда (сұраулар, куәгерлерді іздеу).

2018 жылдың басынан жұмыс істейтін және жұмыссыз азаматтардан 2011 қалыптасқан экологиялық іс макеті қабылданып тіркелді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүгедектерге әлеуметтік көмектің келесі түрлері көрсетілді: 6237,5 мың теңге сомасына 107 мүгедекке біржолғы ақшалай көмек төленді; мүгедектер бар 62 отбасына 1972,3 мың теңге сомасына тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді, есту кемістігі бар 94 мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылды, олардың еңбек ақыларына 25718,7 мың.теңге жұмсалды, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 212 мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтері ұсынылды, олардың еңбек ақыларына 53595,1 мың.теңге жұмсалды.

Есеп беру кезеңінде «Уба» және «Усть-Таловка» шипажайларына санаторлық-курорттық емделу үшін 1961 ардагерге және мүгедекке жолдамалар бөлінді.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Үлбі» үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету орталығының 2 балалар бөлімшесінде 166 мүмкіндігі шектеулі мүгедек бала бар, олардан 16 жасқа дейін мүгедекктер – 71, 16 жастан 18 жасқа – 11 (мүгедектігі тобы барлар: 1 т. – 7, 2 т. - 4), 18 жастағы және одан жоғары – 84 (1 т. – 48, 2 т. – 36), олармен бөлімнің әлеуметтік жұмысшылары түзету жұмыстарын жүргізеді және әлеуметтік көмектің әр түрлерін көрсетеді. «Үлбі» үйлерінде қызмет көрсету орталығында 942 қарт зейнеткер мен мүгедек бар, олардың 18-і ҰОС қатысушы-мүгедегі, 157 – жалпы сырқат мүгедегі, 484 – тыл еңбеккері. «Дағдарыс» бөлімінің қызметкерлері 3452 азаматқа көмек көрсетті, соның ішінде: 107 – уақытша тұрақта, 489 – кеңес беру пунктінде, оның ішінде ТЗЗҚ 38, 13 – күндізгі бөлімде, 2843 – сенім телефоны арқылы, оның ішінде ТЗЗҚ 1474.

2019 жылдың басынан жұмысқа, медициналық мекемелерге, қалалық органдарға және әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы басқа мекемелерге жеткізу үшін «әлеуметтік» таксимен мүгедектерден келіп түскен 2973 шақыртуға 275 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде «Әлеуметтік такси» Қызметі бойынша 1943 сұраныс (63 адам); қиын өмір жағдайларына түскен тұлғалардан (қарттар, мүгедектер, мүгедек балалар, Ново-Троицк ауылының тұрғындары) 1030 сұраныс (212 адам).

Мүгедектерді кәсіптік оңалту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есеп беру кезеңінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 315 жұмыссыз мүгедек жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасады. 290 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді, олардан: 173 – жұмысқа орналасты, 77 – қоғамдық жұмыстарға, 6 – әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 – жастар іс-тәжірибесіне, оқу курстарына 25 адам жолданды, 1 адам шағынкредит алды, 100 АЕК дейінгі 2 мемлекеттік грант.

Есеп беру кезеңінде белгілі тұрағы жоқ азаматтарды әлеуметтік бейімдеу орталығында 383 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды, соның ішінде: 142 – құжаттандырылды, 55 – тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналастырылды.