Өткізу күні: 28 ақпан 2019 жыл

Өткізу уақыты: сағат 10.00

Өткізу орны: Тургенев к., 30, Өскемен қаласының жұмыспен қамту және
                         әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

      2019 жылғы 28 ақпанда Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандырылған бос орындар шағын жәрмеңкесі өткізілді.
     Бос жұмыс орындарына қатысқан кәсіпорындар: «Өскемен жылу жүйелері» АҚ, «Гелиос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Өскемен филиалы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ШҚО КАҚ филиалы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Ертіс концерт» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, «Ульба-Комплекс» ЖШС жұмыс берушілермен мүгедектерге арналған квота орындауға арналған 14 бос жұмыс көрсетілді: жүк тиеуші, аула сыпырушы, сатушы-кеңесші, монтаж және эксплуатацияны есептеу слесары, АЗС операторы, әр түрлі жұмысқа жұмысшылар және басқалар.
    Жұмыс берушілер өз кәсіпорындарын туралы таныстырып, жұмыс іздеушілермен әңгіме жүргізді, жұмысқа қабылдау талаптары туралы айтып берді, деректерін жазып алды.
     Сонымен бірге шағын жәрмеңкеде жұмыс іздеушілерге керекті мәлімет алу үшін сұрақтары бойынша консультациялық орталық жұмыс істеді: жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орны, атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін тағайындау.

     Жұмыс іздеу үшін өткізілген осы шағын бос орындар жәрмеңкесіне 16 жұмыссыз адам қатысты, оларға тұрақты жұмысқа орналасуға жолдамалар берілді. Өткізілген бос орындар жәрмеңкесі аясында 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты.