Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ресми веб-сайты

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің…

2018 жылғы қаңтардан қараша аралығында жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге 10536 адам өтініш жасады, 10183 адам жұмысқа орналасты.

Ары қарай оқу

2016 жылға «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілетін жұмыс туралы есеп

«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 35 бірлік. Бос әкімшілік лауазымдар жоқ. Ауыспашылық 8 адамды құрады.

2016 жылы Өскемен қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметімен өткізілетін конкурс бойынша «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не мемлекеттік қызметке 6 адам түсті, олардан әшкі конкурс бойынша – 2 адам және жалпы конкурс бойынша 4 адам (олардан мемлекеттік қызметке алғашқы рет қабылданған – 1 адам).

2016 жылға Өскемен қаласы әкімінің өкімімен бекітілген Шығыс Қазақстан өңірлік қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығында Өскемен қаласының әкімі аппаратының және атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілікті арттыру жоспар-кестесіне сәйкес 4 мемлекеттік қызметкер – біліктілікті арттыру курстарынан және 1 мемлекеттік қызметкер – қайта даярлау курстарынан өтті.

Мекеменің фойесінде азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшік орналасқан.

2016 жылдың 12 айында (2016 жылғы 28 желтоқсанға) Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 217 өтініш түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан – 10, жеке тұлғалардан – 2169. 2015 жылдың ұқсас кезеңінде 2473 өтініш түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан – 13, жеке тұлғалардан – 2460.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік қызметтердің 19 түрі көрсетілді, олардан 1 – «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясы арқылы баламасыз негізде, 10 – баламалы негізде, 8 – меморган арқылы баламасыз негізде.

Сондай-ақ әкімінің сайтында басшыға сұрақтар қоюға және электронды түрде жауаптар алуға мүмкіндік беретін «виртуалды қабылдау» рубрикасы ашылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексінің мәтіні (мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика қағидалары) жеке стендте орналасқан және әкімшілік ғимараттың 1 қабатында фойеде көру үшін ілінген.

Бөлімде сенім телефоны 551233 бар.

Блімнің басшысымен және оның орынбасарларымен жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Қабылдау уақыты қала әкімінің және бөлімнің сайтында жарияланған. Сондай-ақ ғимараттың 1 қабатында фойеде бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері және басшымен және басшының орынбасарларымен азаматтарды қабылдау сағаттары туралы ақпаратпен монитор орналасқан.

2016 жылға 128 мемлекеттік сатып алу өткізілді, олардан конкурс әдісімен – 1, бағалық ұсыныстарды сұрау – 23, бір көзден әдісімен шартты тікелей жасасу арқылы – 104. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңына, Қазақстан Республикасының                   2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларына қатаң сәйкестікте өткізіледі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401 «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңына сәйкес «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Ашық нормативтік-құқықтық актілер», «Ашық бюджеттер» порталдарында бюджеттік бағдарламалар жобалары, өткен жылға бюджетітк бағдарламаларды іске асыру туралы есеп, республикалық бюджетті орындау туралы жылдық есеп, Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында және қоғамдық кеңестерінде қарауға дейін нормативтік құқықтық актілер жобалары орналастырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тұрақты негізде сыбайлас жемқорлықтың пайда болу фактілерінің алдын алу бойынша бөілмнің қызметкерлерімен түсіндіру жұмысы тұрақты негізде өткізіледі. Сол үшін құқықтық жаппай оқыту, Мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің ШҚО Департаментінің, прокуратураның, мемлекеттік еңбек инспекциясының, қаржылық бақылаудың лектор-қызметкерлерін шақырумен семинарлар, кездесулер өткізіледі. Мемлекеттік қызметтің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік әдеп нормаларын қалыптастыру бойынша шаралар қабылданды.

Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A