Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ресми веб-сайты

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының аясында бюджет есебінен субсидияланатын…

Ары қарай оқу

Шартталған ақылы көмек

«Өрлеу» жобасы

Таяу жылдарда Қазақстанның әлеуметтік даму тұжырымдамасы аясында өзара міндеттер принциптерінде негізделетін әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде өзгеріс-тер болуы тиіс. Адамдар біреуден көмек тосып отырмай, өздері өз проблемаларын шешу үшін қандай да бір әрекет жасауына оларды ынталандыруға тырысады.

2014 жылы еліміздің үш облысында – Ақмола, Жамбыл және Шығыс Қазақс-тан – халықтың әлеуметтік мұқтаж топтарын қолдауға бағытталған «Өрлеу» пилот-тық жобасы басталды. Бағдарламаның басты мақсаты – отбасының шынайы табы-сын арттыру.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60 пайыздан төмен табысы бар аз қамтылған отбасылар шартты ақшалай көмекті (ШАК) алушылар бола алады. 2017 жылдың бірінші тоқсанында жоғарыда көрсетілген сома 13320 теңгені құрайды.

Тағы да бір маңызды талап бар – барлық үміткерлер «Өрлеу» жобасына қаты-сушы әр отбасымен алты айға жасалатын әлеуметтік келісім шарттың талаптарын орындауға міндетті.

Оған қол қоя отырып, тараптар өздеріне өзара міндеттерді алады. Сондай-ақ өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесе әлеуметтік келісім шарт-тың ажырамас бөлігі болып табылатын отбасына көмектің жеке жоспары әзірленеді. Оған жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу (отбасы құрамында осы бейімдеуге мұқтаж адамдар болған жағдайда) бойынша іс-шаралар кіреді.

Басты талаптардың бірі отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысу болып табылады, яғни: тұрақты жұмыс орнына орналастыру, оқыту және біліктілікті арттыру, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі. Келісім шартқа отбасы мен уәкі-летті орган арасында қол қойылады.

Ең алдымен үміткермен әңгімелесу жүргізіледі. Маман отбасы мүшелерінің қандай проблемалары барын, неге мұқтаж екенін, білім деңгейін, еңбек өтілінің бо-луын анықтайды. Барлық осы факторларды есепке ала отырып, әлеуметтік келісім шарт жасалады. Онда көмек алушылар мен әлеуметтік қызмет жүзеге асыруға тиісті нақты шаралар жазылған.

Адамға тек ақшалай көмек ұсынбайды, оған жұмысқа орналасуға көмектеседі, қайта даярлау және біліктілікті арттыру әр түрлі курстарына жолдайды. Тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік көмек алушылардың көбінде орта арнайы білім де жоқ. Олардың көбін басынан оқытуға тура келеді. Олар негізінде жұмыс кәсіптерін ала-ды. Мұнда кәсіптік туралы ғана емес, әлеуметтік бейімдеу туралы айтылады. Мы-салға, анасы отбасында үнемі күтімді қажет ететін мүгедек бала болғандықтан жұ-мыс істей алмайды, проблеманы шешуге тырысады. Баланы күндізгі болу медицина-лық-әлеуметтік мекемесіне орналастыруға болады, әйелді – жұмысқа орналастыру-ға. Шартты ақшалай көмектің мөлшері отбасының орташа жан басына шаққандағы табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60 пайыз арасындағы айырма ретінде анықталады.

Егер бағдарламаға қатысушы келісім шарттың талаптарын орындамаса, оны бұзуы мүмкін.

Алғашында бағдарламаға қатысуға ниеттілер аз болды. Адамдар не ұсынып жатқанын түсінбеді. Белсенді түсіндірме жұмысын арқасында жобаға қаытсуға ни-еттілер саны артты. 2014 жылдан Өскемен қаласында шартты ақшалай көмекті 30,4 млн. теңге сомасына 599 адам санымен 128 отбасы алды.

«Өрлеу» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде:

- шартты ақшалай көмек алушылары өз еңбек қызметтерін жүзеге асыруда;

- дәулетсіз азаматтарда тұрақты өз бетімен табыс көздері есебінен өмір сүру деңгейі мен сапасы артты.

«Өрлеу» жобасына қатысу мәселелері бойынша Тургенев көшесі, 30 (103 кабинет), телефон 551346 бойынша «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімі» ММ-не өтініш жасау қажет.

 

Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A