Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ресми веб-сайты

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің…

2019 жылғы қаңтардан ақпан аралығында жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге 762 адам өтініш жасады, 392 адам жұмысқа орналасты.

Ары қарай оқу

Өскемен қаласы жұмыспен бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмысы бойынша ақпарат

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен және ведомстволық бағыныстағы мекемелермен «Жұмыспен қамту орталығы» КММ, өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық КММ, «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталық КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықта құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Атқарған жұмыс туралы ақпарат бөлімнің және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің интернет-сайтында орналастырылады.

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметінің негізгі бағыты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жұмыссыздарға және белгілі тұрағы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету.

Қаланың тұрғындарына мемлекеттік қызметтің 19 түрі көрсетіледі, соның ішінде 7 қызмет мемлекеттік орган арқылы баламасыз негізде көрсетіледі. Жылдың басынан 22082 қызмет, олардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 3964, мемлекеттік орган арқылы – 2166, электрондық үкімет веб-порталы арқылы – 12 қызмет, «Қызметберуші» АЖ арқылы—5940 қызмет көрсетіледі. 2017 жылы 30964 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бөлімнің ғимаратында және ведомстволық бағыныстағы Орталықтарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша бейнероликтердің жүйелі трансляциясы қамтамасыз етілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері халыққа қолжетімді орында, бөлімнің және қала әкімінің сайттарында орналастырылды. Мекемеде сенім телефоны жұмыс істейді, ұсыныстар және шағымдар үшін жәшік бар.

Сыбайлас жемқорлық деректері туралы азаматтарды кедергісіз ақпараттандыру үшін, соның ішінде сенім телефоны, арыздар мен ұсыынстарға арналған жәшік арқылы, жағдайлар жасалды. Мемлекеттік қызметтер уақытылы көрсетіледі, 2018 жылы көрсетілген қызметтердің сапасы бойынша шағым түскен емес.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да мемлекеттік қызмет көрсетіледі: «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-де кезекті басқару жүйесі орнатылып, жұмыс істеуде, сондай-ақ мамандар «Азаматтарға арналған үкімет» МК ХҚКО бөлімшелерінде қабылдау жүргізеді. Бөлімнің ғимаратында пандус, персоналды шақыру түймешесі, көрсеткіштер, Брайль мәтіні жазылған тактильді тақтайшалар, түсті информерлер, санузел орнатылған.

Жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын бөлім басшысы және оның орынбасарлары, мекеменің құзіреттілігіне кіретін мәселелер бойынша мамандар және сектор меңгерушілері жүргізеді.

Заңды және жеке тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау үнемі бақылауда. 2018 жылдың басынан жеке және заңды тұлғалардан 660 өтініш келіп түсті. Барлығына жазбаша түсініктеме берілді. 237 өтініш толығымен қанағаттандырылды.

Бөлім қызметкерлері және құрылымдық бөлімше директорларымен тоқсансайын жемқорлыққа қарсы бағытталған, сонымен қатар этикалық әдеп сақтау бойынша семинар өткізіледі.

Апта сайын секторлардың және құрылым бөлімшелердің  меңгерушілерімен жедел кеңес өткізілуде, онда мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын болдырмау бойынша мәселелер үнемі талқыланады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттігінің ШҚО департаментінің мамандарымен бөлімнің мемлекеттік қызметтері үшін 2015-2025 жылдарға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша 2 семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттік төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекпаевтің жұмыс сапарының аясында Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызмет көлігіне (жапсырма) арнайы ерекшілік белгісін жабыстыру бойынша акцияға белсенді қатысты. Акцияның мақсаты мемлекеттік қызметкерлермен қызмет автокөлігін қолдануын қоғамдық бақылау болып табылады.

Ай сайын қала әкімінің аппаратына мемқызметкерлердің тәртіптік жазасы, Ар намыс кодексін сақтау туралы мәліметтер ұсынылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілеріне жататын тәртіптік жаза тартқызу фактілері тіркелмеді. Мемлекеттік қызметкерлермен шектеулерді, сенім басқармаларына мүлікті беруге, мүліктері және табыстару туралы уақытылы декларацияларды тапсыруға бақылау жүргізілуде.

Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A