Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ресми веб-сайты

ҰОС қатысушысы М.Я. Головатюкты 90-жылдық мерей тойымен құттықтау

2017 жылдың 16 қазанында сағат 11.00 қала әкімінің орынбасары О.А. Булавкина, Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік…

Ары қарай оқу

Бөлім туралы ереже

Өскемен қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «___» __________

№ ______ қаулысымен

бекітілген

 

«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

                                  мемлекеттік мекемесі туралы

                                                         Ереже

 

                                          1. Жалпы ережелері

1. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қор-ғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мем-лекеттік органы болып табылады.

2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Консти-туциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі-нің актілеріне, басқа нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық үлгідегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республи-касының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан тү-седі.

5. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер ол заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолда-ныстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.

8. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тургенев көшесі, 30, пошталық ин-дексі 070002.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табы-лады.

11. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет-тен жүзеге асырылады.

12. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып табылатын міндеттемелерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

                          2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

             мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

13. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ха-лықтың әлеуметтік әлсіз тобына әр түрлі көмек көрсету.

14. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) халықтың әлеуметтік әлсіз тобын әлеуметтік қорғау саласында бірың-ғай мемлекеттік саясат жүргізу;

2) халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауға көмектесуді қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды және аумақтарды дамыту бағдарлама-ларын жүзеге асыру;

3) мемлекеттік және арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

4) ведомствоға қарасты мемлекеттік ұйымдардың қызметін үйлестіру.

15. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) әлеуметтік-еңбек саласында және халықты әлеуметтік қорғау саласын-да стандарттарға сәйкес мемлекеттік және арнайы әлеуметтік қызметтерді көр-сету;

2) аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін, мемле-кеттік атаулы әлеуметтік көмек, он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған мем-лекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу бойынша шараларды жүзеге асыру;

3) қаланың мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік кө-

мегін көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

4) мүгедектерге әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыс;

5) Ұлы Отан соғысы жылдарында алты айдан кем емес еңбек еткен тұл-ғаларда жұмыс өтілін белгілеу бойынша арнайы комиссияның жұмысын ұйым-дастыру;

6) Ұлы отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді және оларға теңес-тірілген тұлғаларды, жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыла-рын, тылда еңбек еткен және әскери қызметінен өткен азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс;

7) Семей сынақ ядролық полигонының ядролық сынақтарының салдары-нан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға куәліктер беру жөніндегі арнайы комиссия жұмысын ұйымдастыру;

8) жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу және есеп-ке қою, жұмыссызды есептен шығару;

9) азаматтарға және жұмыссыздарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі тура-лы, жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы ха-барлау;

10) азаматтарға және жұмыссыздарға жұмыс таңдауда ықпал ету, жұмыс-қа орналасу үшін жолдамалар беру;

11) еңбек нарығы бойынша дерекқорды қалыптастыру;

12) жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету бойынша жұмыс;

13) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды олардың келі-сімімен қоғамдық жұмыстарға жолдау бойынша жұмыс;

14) жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру бойынша жұмыс;

15) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жұмыс;

16) аз қамтылғандар қатарынан жұмыссыздарды, жұмыспен қамтылған-дарды және жеті жасқа дейін бала күтімімен айналысатын адамдарды кәсіптік дайындықты, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бо-йынша жұмыс;

17) жұмыссызға жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру;

18) халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруға ықпал етуді ұйымдастыру бойынша жұмыс;

19) қала әкімдігінің қарауына нысаналы топтарды анықтау және оларды қорғау бойынша әлеуметтік шаралар туралы ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметі-нің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету сала-сында жұмысты ұйымдастыру;

21) қала әкімдігінің қарауына мүгедектерге арналған жұмыс орындар кво-тасын жұмыс орындардың жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде белгілеу тура-лы ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;

22) қала әкімдігінің қарауына қылмыстық-атқарушы инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындар квотасын белгі-

леу туралы ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;

23) қала әкімдігінің қарауына интернатты ұйымдардың кәмелетке толма-ған түлектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;

24) іс-әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі іс-әрекетке қабілетті кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғау және қамқорлық бойынша функцияларды жү-зеге асыру;

25) мекеменің құзыретіне кіретін мәселлеер бойынша қаланың әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзір-леу;

26) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге функция-ларды жүзеге асыру.

16. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу;

2) қаланың аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

3) жұмыс берушілерде жұмыс күшіне сұранысы болған жағдайда азамат-тарды және жұмыссыздарды жолдау;

4) еңбек делдалдығын көрсету;

5) өз құзіреті шегінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мекемеге жүктел-ген функцияларды және міндеттемелерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік орган-дардан және өзге ұйымдардан ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;

6) жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде семинар-ларды, кеңес берулерді, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қаты-су;

7) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулер мен (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жо-йылды деп тану бойынша шараларды уақытылы қабылдау;

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік заңды құқықтағы субъектілердің, соның ішінде тиісті сала-дағы уәкілетті органдарының құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, ак-ционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықта-рын жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге құқықтар мен өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

                          3. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

                                                     мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктел-ген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дер-бес жауапкерты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

18. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі лауазымына та-ғайындайды және лауазымынан босатады.

19. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республика-сының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан боса-тылатын орынбасарлары болады.

20. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1)  Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анық-талатын оның құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;

2)  мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде кеңестерді белгілен-ген тәртіпте шақырады;

3)  мекеме жұмысшыларының өкілеттілігін анықтайды;

4)  барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;

5)  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабыл-дайды және дербес жауапкершілік тартады;

6)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа өкілеттікті жү-зеге асырады.

«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде қолданыс-тағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіліктерін оны алмастыратын тұлға орын-дайды.

21. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкі-леттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

22. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

         «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншік иесімен оған берілген мүлік жә-не Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа кіріс көз-дері есебінен құралады.

23. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-лар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркелген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамадар өзгеше көзделмесе, «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі оған тір-келген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өз-гедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Рес-публикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A