Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ресми веб-сайты

«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес қызметкерлердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының жобасы әзірленді.

Көрсетілген жоба талқылау үшін бөлімнің ресми сайтына орналастырылды.

Ұсыныстар мен ескертулер енгізу арқылы жобаны талқылауға белсенді қатысу үшін шақырамыз. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.


2016 жылға «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілетін жұмыс туралы есеп


2016 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және мониторингі нәтижелері


2016 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және мониторингі нәтижелері


Жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған бейнероликтер


«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 20 түрін халыққа көрсетеді. Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша барлығы 3551 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде бөлім арқылы – 2299, «Азаматтарға арналған үкіметі» МК – 1232, электронды үкімет веб-порталы – 20.

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу нәтижесінде Мемлекеттік корпорация арқылы баламалы негізде көрсетілген қызметтер саны өсуде.

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен 2018 жылғы 1 қаңтардан жаңа үлгіде атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы түсіндірме жұмысы өткізілуде. Өткізілетін жұмыс аясында 2017 жылғы 7 ақпанда Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қалалық аумақтық орталығы» КММ ұжымымен, 2017 жылғы 9 ақпанда қаланың 24 шағын ауданының тұрғындары қатарынан көп балалы аналарымен, 2017 жылғы 24 ақпанда білім беру бөлімінің Кеңесінде қаланың білім ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті.

Бөлімнің мамандарымен жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша толық түсіндірме және қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.

Сонымен қатар, тұрақты негізде Мемлекеттік корпорация мамандарымен           18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көегін тағайындау шарттарын түсіндіру бойынша семинарлар өткізіледі. Осындай семинарлар 2017 жылғы 15 ақпанда және 2017 жылғы             17 ақпанда өткізілді.

«Мой город» газетінің «Справочное бюро» бөлімінде «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекетітк қызмет туралы актуальды ақпарат орналастырылды.

Бөліммен регламенттермен және стандарттармен бекітілген барлық бизнес-процесстерді ұстанумен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметті сапалы және уақытылы көрсетілуі қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылыққа жол берілмейді.

Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A